Көлік тәркіленді.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматыда өзінің Lexus көлігін сатып, үш жылдан кейін оны иесінен ұрлап кеткен ер адам ұсталды, деп жазады Stan.kz.
43 жастағы күдікті көлігін сатқанда оның кілтінің көшірмесін алып қалған. Осылайша ұрлықты ұзақ уақыт, мұқият жоспарлаған. Полицияның мәліметінше, ол кілтті пайдаланып, көліктің қайда тұрғанын анықтап, оны заңсыз жолмен қайтармақ болған.
Ер адам ұрлыққа түспес бұрын ауыстыратын киім мен бетперде дайындаған. Көлікті айдап кеткен соң бейнекамераға түсіп қалмас үшін киімін ауыстырып, ватокөлікті қаланың шетіне апарып жасырған.
Полиция іздеу жұмыстары кезінде көлікті тауып алды. Күдікті өз кінәсін мойындап, тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп жатыр. Оған қатысты тергеу жұмыстары басталды.
Көлік тәркіленді.