Қазақстандық балмұздақ шетелде хитке айналды

0
121

Биыл төрт айда балмұздақ экспорты 41,6 пайызға өсіп, 4,3 мың тоннаға жеткен.


Қазақстандық балмұздақ шетелде хитке айналды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Биыл бес айда Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағам ретіндегі мұз өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда 17,1 пайызға артық, деп жазады tengrinews.kz.

Қай елдерден әкелінеді?

2025 жылғы төрт айда елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталған, сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы - 15,4 пайыз.

Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне мыналар жатады:

  • Ресей (1,5 мың. Т),
  • Қырғызстан (1 мың. Т)
  • Түркия (0,3 мың. Т)
Сонымен қатар, балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италия елдерінен әкелінген.

Қай елдерге жеткізіледі?

Биыл төрт айда балмұздақ экспорты 41,6 пайызға өсіп, 4,3 мың тоннаға жеткен. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.