АҚШ-тың Финикс қаласында түсірілген видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
видео кадры
ERNUR.KZ. Кадрларда қазақстандық әуекомпанияның логотипі бар ұшақ көрінеді, деп жазады tengrinews.kz.
Бейнежазбаны жариялаған қазақстандық бұл көріністің тосын болғанын айтты. Ол Air Astana ұшағының Аризонада қалай жүргеніне таңғалған.
Желі қолданушылары түрлі болжам айтқан: біреулер ұшақ авиатехника "зиратына" қойылған десе, енді бірі оны қайта сату немесе жүк ұшағына айналдыру үшін дайындап жатыр деп топшылаған.
Tengri Travel бұл жағдайға қатысты Air Astana әуекомпаниясынан пікір алды. Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, бұл ұшақ бұрын Air Astana флотында болған, алайда 2020 жылдың желтоқсанында лизинг берушіге қайтарылған. Содан бері әуекомпания оны пайдаланбайды және оның қазіргі орналасуы мен болашақ тағдырына жауапты емес.


