Қазақстандық актриса Түркияның “Түрік қағанатының тарихы” сериалына түсті

0
85

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім кезінде түсірілген суреттерді жариялады.


Қазақстандық актриса Түркияның “Түрік қағанатының тарихы” сериалына түсті

Фото: https://www.instagram.com/gazizaaz

ERNUR.KZ. Қазақстандық актриса ҒазизаТаңшолпан HBO Max Turkiye студиясы түсіріп жатқан жаңа халықаралық жобасында рөл сомдады, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім кезінде түсірілген суреттерді жариялады. Кадрлардан фильм таулы өңірде түсірілгенін, ак актерлер Түрік қағанаты дәуірінің тарихи киімдерін кигенін байқауға болады.

"Сіздерді жақсы көремін, бәріңізді құшақтадым! Қуана көріңіздер – жақында!" – деп жазды Ғазиза.

"Бірінші Ғұн-Түрік: Пролог" (İlk Göktürk: Önsöz) деп аталатын сериал үш бөлімнен тұратын мини-сериал форматында түсірілген. Жоба болашақта жоспарланған үлкен кинофраншизаның кіріспесі болмақ. Оқиғаның өзегі – ұсталық өнерден шыққан Бумын қағанның тағдыры. Ол аварларға қарсы көтеріліп, ағасы Істеми және ұстазы Алагардың көмегімен өз халқының болашағын түбегейлі өзгертеді.

Басты рөлдерде Волкан Кескин, Ариф Дирен, Мурат Серезли, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі актерлер – Ғазиза Таңшолпан, Сунгхо Чой және Мерт Оджал ойнайды.

Ғазизаның жанкүйерлері актрисаның жаңа рөліне тамсанып, жылы пікір қалдырып жатыр.

“Қандай керемет!”, “Тағы бір сүйікті түрік фильмі келе жатыр ма?”, “Нағыз “Сақиналар әміршісінің” атмосферасы! Сіз леди-эльф Галадриэльге ұқсайсыз” – деп жазды олар.

Сериалдың тұсаукесері 2026 жылғы көктемде HBO Max платформасында өтеді.