Ең көп факті Алматы халықаралық әуежайында тіркелген.
фото: Sputnik / Юрий Стрелец
ERNUR.KZ. Бас прокуратура лазерлік құрылғылар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын әуе кемесін басқаруға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты жайында ескертті, деп жазады sputnik.kz.
Осы жылдың шілдесінде Қылмыстық кодекске көрсетілген заң бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа бап енгізілді.
Жаза жасалған әрекеттің салдарына байланысты айыппұл немесе қамауға алудан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін өзгереді.
Ведомство хабарлағандай, ұшқыштарды лазерлік құрылғылармен соқыр ету - шынайы қауіп.
Мұндай әрекеттер ұшу қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді, ұшқыштар уақытша көру қабілетінен айырылуы мүмкін, бұл өз кезегінде ұшақ апатына әкелуі мүмкін.
"Қазақстанның авиациялық қызметтерінің мәліметі бойынша, соңғы 6 жыл ішінде жолаушылар лайнерлерінің экипаждарының соқыр болуының 98 оқиғасы тіркелген. Ең көп факті Алматы халықаралық әуежайында болды", - деп жазылған хабарламада.
Егер 2017 жылы 8 хабарлама тіркелсе, 2023 жылы – 30 хабарлама тіркелген.