Қазақстандағы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мұз жарған видеосы ВВС-дің назарына ілікті (ВИДЕО)

0
95

​ТЖМ көктемгі су тасқының алдын алу үшін өзен-көлдердегі мұздарды әдейі жарады


Қазақстандағы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мұз жарған видеосы ВВС-дің назарына ілікті (ВИДЕО)

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. BBC корпорациясының орыс қызметі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын көрсетті. Онда мұз жару сәтінің әсерлі кадрлары көрсетілген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Өзендерде мұз жиналып қалмау үшін жыл сайын жоспарлы жару жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстандағы әсерлі кадрлар» деп сипатталған роликте өзенде мұз кептеліп қалмау үшін 9360 шаршы метр аумақта жару жұмыстары жүргізілгені айтылады.

Көктем басталғалы Батыс Қазақстанда 83 қауіпті учаске анықталып, жалпы көлемі 47 мың шаршы метр мұзды жару жоспарланған. Шығыс Қазақстандағы Шемонаиха ауданындағы Үбі өзенінің теміржол көпірі маңында 8 мың шаршы метрден астам аумақта мұз ұсақталды.