Қазақстандағы танымал тележүргізуші қайтыс болды

0
80

Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан көз жұмған.


Қазақстандағы танымал тележүргізуші қайтыс болды

Фото: facebook.com/serikkali.mukasev

ERNUR.KZ. Қазақстандағы танымал журналист, тележүргізуші, бірнеше деректі фильмдердің авторы Мұхтар Түменбай қайтыс болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қаралы хабарды журналистің әріптесі Серікқали Мұқашев жазды. Оның айтуынша, марқұм үйінде отырған жерінде жүрегі ауырып, көз жұмған.

«Асылдың сынығы еді, тұлпардың тұяғы еді. Арамызда аңқылдап жүрген адал досымыз, әділетсіздік атаулыға қаны қас жаужүрек бауырымыз — белгілі журналист Мұхтар Түменбайдан қапыда айрылып қалдық. Үйінде отырып, жүрегі кенет сыр беріпті. Бақұл бол, бауырым…», - деп жазды Серікқали Мұқашев.

Айта кетейік, Мұхтар Түменбай әртүрлі газеттерде және республикалық телеарналарда жұмыс істеді. Соның ішінде, ұлттық арнадағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болып, көпке танылған.