Қазақстанда жол құрылысына арналған 52 жаңа технология "жасыл" мәртебе алды

0
91

2025 жылы жолдарда 13 инновация сынақтан өтті.


Қазақстанда жол құрылысына арналған 52 жаңа технология

Фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда жол құрылысына арналған 52 жаңа материал мен технология ресми түрде сынақтан өтіп, қолдануға рұқсат етілді, деп жазады inbusiness.kz.

Олар rcmbase.qazjolgzi.kz базасында "жасыл" мәртебеге ие болды, бұл олардың тиімділігі дәлелденгенін білдіреді.

Қазіргі уақытта базада 188 шешім тіркелген:

52-сі – "жасыл" (қолдануға ұсынылған),
29-ы – "сары" (сынақта),
101-і – "сұр" (тек зертханалық сынақтан өткен),
6-уы – "көк" (Техникалық кеңестің шешімін күтуде).

"2025 жылы жолдарда 13 инновация сынақтан өтті. Олардың қатарында геотекстиль, герметиктер, полимерлік қоспалар мен көктайғаққа қарсы реагенттер бар. Жыл соңына дейін тағы шамамен 80 жаңа технология апробациядан өтпек", – делінген хабарламада.

"Жасыл" мәртебе алған шешімдердің ішінде:

• Алматы – Қорғас трассасы мен Астанадағы М3 көпірінде қолданылған лента мен сұйық резеңке;

• Катонқарағай әуежайында және Павлодардағы ұшу-қону жолағында тиімділігін дәлелдеген герметиктер;

• Түркістан облысында асфальтты нығайтып, жол жамылғысының қызмет мерзімін ұзартып отырған сіңдіргіш қоспалар.

Сонымен қатар отандық ғалымдардың технологиялары енгізіліп жатыр: "Мамлютка — Қостанай" учаскесінде топырақты тұрақтандырғыштар, ал "Жетібай — Шетпе" жолында асфальтбетон қоспасын жақсартатын модификаторлар қолданылды.

Олар жабындының температуралық ауытқуларға төзімділігін арттырып, жолда ойықтар мен деформациялардың пайда болуын тежейді.

Ашық цифрлық база rcmbase.qazjolgzi.kz ақпараттың барлығын қолжетімді етіп, жол саласына озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді.