Қазақстанда жер сілкінісі бола ма: Енді ескерту жүйесін кезекші қызметкер іске қосады

0
125

Бір ескерту құрылғысы орта есеппен 300 метр радиусты қамтиды.


Қазақстанда жер сілкінісі бола ма: Енді ескерту жүйесін кезекші қызметкер іске қосады

Фото: Рexels.com

ERNUR.KZ. Еліміздің төтенше жағдай вице-министрі Кеген Тұрсынбаев “Қазақстанда жер сілкінісі болу қаупі мен ескерту жүйесінің іске қосылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

“Жер сілкінісі бола ма, жоқ па оны алдын ала анықтау мүмкін емес. Бізде жағдайға талдау жүргізіп отыратын сейсмологтар бар. Бірақ жер қабығы әлі соңына дейін зерттелмегенә, – дейді вице-министр.

Оның айтуынша, Қазақстан аумағында тіркелген елеулі жерасты дүмаулерінен кейін сейсмологиялық белсенділік туралы қорытынды жасайтын ғылыми кеңес жиналады.

“Мысалы, соңғы рет Таразда екі жер сілкінісі тіркелді. Сол кезде ғалымдар үшіншісі болмайды деді және бұл рас болып шықты", — деді ол.

Сондай-ақ вице-министр жер сілкінісі кезінде ескерту жүйесінің іске қосылуына қатысты жауап берді.

"Әр өңірде ескерту жүйесі бар, бірақ аймақтарды жүйемен қамту деңгейі әртүрлі. Мысалы, Алматы 100 пайыз жаңа жүйемен жабдықталған. Жақында дабыл сигналдарын басқару бойынша жаңа норма енгізілді. Бұрын ескерту дабылын әкім беретін болса, енді бұл шешімді кезекші қызметкер қабылдайды. Бұл әрекет ету жылдамдығын арттыру үшін жасалды. Бұрын басшылықтың бұйрығын күтіп отыратын, ал қазір кезекші дабылды өзі қосады", — деді вице-министр.

Десе де Кеген Тұрсынбаев техниканың істен шығу мүмкін екенін де ескертті.

"Бұл – техника, әрине, кейде ол істемей қалуы мүмкін. Әсіресе үй ескерту жүйесінің қамту аймағынан тыс жерде салынған болса немесе жел бағыты өзгеріп кетсе – дыбыс жетпей қалуы ықтимал. Біз мердігер ұйымдармен бірлесе жұмыс істеп, жабдықтарға жоспарлы техникалық қызмет көрсетіп жатырмыз", — деді ол.

Оның айтуынша, бір ескерту құрылғысы орта есеппен 300 метр радиусты қамтиды. Алайда тығыз құрылысты аймақтар мен ауа райының әсерінен бұл радиус қысқаруы мүмкін екенін атап өтті.