Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы тағы да қымбаттады

0
117

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, шілдеде жаңа пәтердің ел бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 528,5 мың теңгені құрады.


Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы тағы да қымбаттады

ERNUR.KZ. Шілдеде жаңа пәтерлердің бағасы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 9,6%-ға өсті. Екінші нарықтағы тұрғын үй құны 7,3%-ға артты, деп жазады baq.kz.

Жаңа пәтерлер

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, шілдеде жаңа пәтердің ел бойынша орташа бағасы бір шаршы метр үшін 528,5 мың теңгені құрады. Ең жоғары бағалар бұрынғыша Алматыда (647,7 мың тг/шаршы м), Астанада (595,5 мың тг/шаршы м) және Атырауда (512,2 мың тг/шаршы м) тіркелді.

Жыл ішінде ең көп қымбаттау Павлодарда болды, баға 25,8%-ға өсіп, 451 мың тг/шаршы м жетті. Сондай-ақ Алматыда (+15,3%) және Қызылордада (+15,3%, 386 мың тг/шаршы м) айтарлықтай өсім байқалды.

Маусыммен салыстырғанда шілдеде жаңа пәтерлердің бағасы орта есеппен 0,2%-ға өсті. Көптеген ірі қалаларда айлық өзгеріс болмағанымен, өсім Ақтөбе (+2,8%, 309,6 мың тг) және Қызылорда (+2,4%) есебінен қамтамасыз етілді.

Екінші нарықтағы тұрғын үй

Екінші нарықта жылдық өсім 7,3%-ды, айлық өсім 0,9%-ды құрады. Орташа баға 551,9 мың тг/шаршы м. Ең қымбат екінші нарықтағы пәтерлер Алматыда (+1% айына, 688,6 мың тг/шаршы м), Астанада (+1,5%, 652 мың тг/шаршы м) және Атырауда (485,5 мың тг/шаршы м) сатылуда.

Жылдық өсім бойынша көшбасшылар Ақтөбе (+19%, 343,1 мың тг/шаршы м), Павлодар (+15,8%, 423 мың тг/шаршы м) және Алматы (+14,4%). Өскеменде, керісінше, баға бір жылда 1,4%-ға төмендеп, 375,9 мың тг/шаршы м болды.

Айлық өсім тұрғысынан алда тұрғандар Талдықорған (+5,7%, 393 мың тг/шаршы м), Түркістан (+5,6%, 362 мың тг/шаршы м) және Петропавл (+3,2%, 414 мың тг/шаршы м). Шілдеде Қызылордада (–2,2%, 313,6 мың тг/шаршы м) және Шымкентте (–2,4%, 428 мың тг/шаршы м) баға төмендеді.

Пәтер жалдау

Бір жылда ел бойынша пәтер жалдау құны 8,2%-ға, ал шілдеде – 0,8%-ға қымбаттады. Өткен айда пәтер жалдау құны орташа есеппен бір шаршы метр үшін 4,5 мың теңгені құрады. Алматыда баспана жалдау бағасы айына 0,5%-ға өсіп, 5,3 мың тг/шаршы м болды. Астанада – 1%-ға өсіп, 5 мың тг/шаршы м жетті.

Жылдық өсім бойынша Ақтөбе көш бастады, баға 32%-ға өсіп, 3 мың тг/шаршы м болды. Семейде баға 23,2%-ға (3,5 мың тг/шаршы м), Көкшетауда 21,6%-ға (3,3 мың тг/шаршы м) артты. Айлық өсім бойынша көшбасшылар Ақтөбе (+6,9%) және Ақтау (+3,6%, 3,55 мың тг/шаршы м).