Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

0
185

Сонымен қатар, Энергетиктер күнін атап өту күні өзгереді.


Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болады. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізді, деп жазады tengrinews.kz.

Министрлік жариялаған бұйрық жобасында Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізіміне алтауы қосылатыны айтылған:

  • Қазақстан кәсіпкерлері күні;
  • Қазақстан қолөнершілері күні;
  • Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;
  • Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;
  • Кадр қызметінің қызметкері күні;
  • Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.

Сонымен қатар, Энергетиктер күнін атап өту күні өзгереді: бұрынғыдай желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, нақты күн — 22 желтоқсанда аталып өтетін болады.