Қазақстанда велосипед пен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылмайтын болды – ІІМ

0
358

​Оның орнына самокаттың идентификациялық нөмірінің көлемі ұлғайтылады.


Қазақстанда велосипед пен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылмайтын болды – ІІМ

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха велосипедтер мен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ІІМ велосипедтер мен самокаттарға мемлекеттік нөмір тағуды жоспарлап отырған жоқ.

«Қазір барлық самокатта идентификациялық нөмір бар. Олардың көлемі кішкентай, көзге көрінбейді. Оны самокатқа фирма агрегатор өздері қояды. Қазір біз осы нөмірлер көзге көрініп тұруы үшін тиісті шарттар әзірлейміз. Мысалы, көшеде самокат мінген адам баланы қағып кетсе, біз бірден агрегаторға хабарласып, осы уақытта самокатпен кім жүргенін анықтаймыз. Осылайша әлгі адамды тауып аламыз», - деп түсіндірді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов самокат пен велосипедтер үшін мемлекеттік нөмір енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген.