Жоба 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Фото: Zakon.kz
Бұйрық жобасында ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландырудан өткізу қағидаларын және жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесі реттеледі.
Ауыр науқас сотталғандардың денсаулығын сақтау және өлім-жітімді азайту мақсатында жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізбесі өзектендірілді.
- бауыр циррозы кезінде жағдайлардың кеңейтілген түрлері енгізілді,
- созымалы бүйрек ауры сатылары нақтыланды,
- ауыр дәрежедегі гормонға тәуелді созылмалы обструктивті өкпе ауруы.
Бұдан бөлек, арнайы медициналық комиссияның рөлі күшейтілді: оның міндеттері, функциялары, жұмыс қағидаттары мен құрамы бекітілді.
Сондай-ақ, сотталғандардың денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда, оны қайтадан медициналық куәландыру мүмкіндігі қарастырылған.
Жоба 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.