Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, конституциялық заң жобасының негізгі мақсаты – бір кандидаттың Мәжіліс депутаты болу үшін бірнеше сайлау округінен қатар ұсынылуына тыйым салу.
Фото :Tengrinews.kz / Турар Казангапов
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары сайлау туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізетін заң жобасын қарауға алды, - деп жазады tengrinews.kz.
Депутат Снежана Имашеваның айтуынша, конституциялық заң жобасының негізгі мақсаты – бір кандидаттың Мәжіліс депутаты болу үшін бірнеше сайлау округінен қатар ұсынылуына тыйым салу. Сондай-ақ мәслихат пен Мәжілістің бірмандатты округтері бойынша сайлауға бір мезетте қатысуға шектеулер енгізіледі, әкімдерге кандидаттар үшін сайлау қоры құрылады. Сонымен қатар президент, депутат, әкім және Орталық сайлау комиссиясы мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі – олардың ауыр қылмыс үшін соттылығы болмауы тиіс.
"Қоса беріліп отырған заң жобасы сайлау өткізу тәртібін жетілдіруге және нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге бағытталған. Комитет жұмысқа қабылдауға дайын, қолдауларыңызды сұраймын", – деді Снежана Имашева Мәжілістің пленарлық отырысында.
Депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдауды қолдады. Енді Имашева жетекшілік ететін заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті ол бойынша қорытынды дайындайды.