Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

0
158

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2025 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын шығарды.


Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

ERNUR.KZ. Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды.

Атап айтқанда: автомобиль бензині өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаны құрады; дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тоннаға жетті; авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тоннаны құрады.