Қазақстанда МСАК деңгейінде балалар қызметі жаңғыртылды

0
129

МСАК жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі балаларға жаңа сапалы деңгейде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру болды.


Қазақстанда МСАК деңгейінде балалар қызметі жаңғыртылды

ERNUR.KZ. 2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігі МСАК деңгейінде балалар қызметінің құрылымын, функцияларын және бағытталуын регламенттейтін бұйрықты бекітті. Орталық буын – бұл учаскелік педиатр-дәрігер, барлық басқа кабинет мен мамандардың өзара іс-қимылы оның қадағалауында болады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ «Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы» ШЖҚ РМК директоры Айгүл Қасымова мәлімдеді.

«Бастапқы кіру нүктесі - педиатр кабинеті, онда жалпыланған тексеру жүргізіледі, қорытынды қалыптастырылады, денсаулық тобы анықталады және одан әрі бақылау маршруты іске қосылады. Егер даму ерекшеліктері немесе тәуекелдер анықталса, бала даму және ерте араласу орталығына жіберіледі. Мұнда патронаттық бақылауды дәрігер жүргізеді, ал патронаттық медбикелер мен тамақтану мамандары отбасын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бір мезгілде сөйлеу, психомоторлық және психоэмоционалдық дамуды терең бағалай отырып, баланың даму кабинеті қосылуы мүмкін», – деді Айгүл Қасымова.

Ата-аналар үшін патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі кабинетінің жұмысы көзделген, онда тамақтану, бала күтімі, мінез-құлық стратегиялары мәселелері бойынша оқыту жүргізіледі, сондай-ақ сүйемелдеу жүзеге асырылады. Ауытқулар анықталған жағдайда көпсалалы командалар, телемедицина және ведомствоаралық қызметтер: психологтар, педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер қосылады. Бұл тәсіл «бір терезе» принципін жүзеге асырады және көмек көрсету кезеңдері арасындағы алшақтықты болдырмауға мүмкіндік береді. Егу кабинеті екпелердің жасына қарай дұрыс салынуын қамтамасыз етеді. Уақытылы егілмеген немесе бұрын бас тартқан балаларға ерекше назар аударылады.

«Сондай-ақ құрылымда: білім беру ортасындағы мониторинг пен профилактикаға жауапты мектеп медицинасы кабинеті; жасы бойынша бейінді мамандармен тексерулер жүргізілетін кәсіптік қарау кабинеті жұмыс істейді», – деп толықтырды спикер.