Құзыреттілік орталықтары балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, трансформацияланатын пәндік-дамыту ортасын жасайды, білім беру процесін ойын түрінде ұйымдастырады және тірек мектептермен тиімді өзара іс-қимыл орнатады.
фото:ortcom.kz.
Мектепке дейінгі және орта білім беру бағдарламаларын үйлестіру мақсатында 202 Құзыреттілік орталығы тірек мектепке дейінгі ұйымдар мәртебесіне ауыстырылып, тірек мектептерге бекітілді. Балабақшалар, кеңес беру пункттері және мектептер арасындағы өзара іс-қимылдың қадамдық жоспары әзірленді, бұл балалардың оқу және тәрбиелеу процесінде сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құзыреттілік орталықтары балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, трансформацияланатын пәндік-дамыту ортасын жасайды, білім беру процесін ойын түрінде ұйымдастырады және тірек мектептермен тиімді өзара іс-қимыл орнатады.
«Құзыреттілік орталықтары желісін дамыту – мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың маңызды қадамы. Бұл балаларға сапалы, икемді және заманауи мектепке даярлықты қамтамасыз етуге, ал педагогтерге – жаңа білім алып, үздік тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова.