​Қазақстанда халықтың 17,5%-і темекі шегеді

0
112

Ерлер арасында темекі тұтынушылардың үлесі – 34%, ал әйелдер арасында - 5%.


​Қазақстанда халықтың 17,5%-і темекі шегеді

фото: Sputnik / Константин Чалабов

ERNUR.KZ. Қазақстанда халықтың 17,5%-і темекі шегеді, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қаңтарында ересек тұрғындардың темекі тұтынуы туралы кезекті жыл сайынғы зерттеуін жүргізді. Сауалнама республиканың барлық облысында, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. Оған 12 000 отбасының 15 жастан асқан бір мүшесінен қатысты.
Былтыр көрсеткіш 20,7% болған. Темекені тұтынушылардың басым бөлігі:
Ауылдық жерде темекі шегетіндердің үлесі – 19,1%;
қалада – 16,7%.
Ерлер арасында темекі тұтынушылардың үлесі – 34%, ал әйелдер арасында - 5%.
Жалпы темекі шегетін халықтың 93,8%-і өнеркәсіпте шығарылған темекі түрін шегеді.
Қазақстанда темекі тағы да қымбаттауы мүмкін - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025