Қазақстан экономикасына орта мерзімді кезеңге 3 миллион адамға жуық кадр қажет болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бұл кадрларға бүгінгі таңда сұраныс құрылымы анықталып қойылған. Олардың үштен бірін қызмет саласы алып отыр. Одан кейін тасымадау мен тауарларды бөлу, өнеркәсіп, ауы шаруашылығы және құрылыс тұр, деп хабарлайды Ukimet Telegram-каналы.
«Бұл деректерді кәсіптік стандарттарды бекіту, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, оқуға білім беру тапсырыстарын бөлу және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Ол цифрландыру және демографиялық өзгерістер тұсында ерекше маңызды», — деп атап өтті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.
Бір мезетте цифрландырудың және технологиялық өзгерістердің салдарынан жаңа кәсіптер пайда болуда. Мәселен, әлеуметті тьютор, дрондар операторы, киберқауіпсіздік инженері, цифрлық репутация менеджері, жасанды интеллект маманы және басқалар.
«Бүгінде біз кәсіби кадрларды даярлауға жүйелі түрде келу үшін Ұлттық біліктілік жүйесін белсенді түрде дамытудамыз. Бұл еңбек нарығының тез өзгеретін талаптарына сәйкес маңызды рөл атқарады. Бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие 7800-ден астам мамандық бар. Олардың ішінде кәсіптік стандарттармен 4500-ге жуығы қамтамсыз етілген», – деп толықтырды Асқар Биахметов.
Білім беру жүйесін еңбек нарығының талаптарына жақындату үшін қазір білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға теңестіру жүргізілуде. Бүгінде олардың негізінде 11 мың білім беру бағдарламасы жаңартылды.