Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.
Қар, найзағай және жел
Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 20 қыркүйекке қараған түні жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңғы уақыттарда Қазақстан бойынша тұман болжанып отыр.
Ауа температурасы қалай өзгереді?
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер мен ауытқулар күтілмейді, алайда Қазақстанның солтүстік бөлігінде түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.