Қазақстанда қант тұтыну рекордтық көрсеткішке жетті

0
132

Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро мәлімдеді.


Қазақстанда қант тұтыну рекордтық көрсеткішке жетті

Фото: ukragroconsult.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда халықтың қант тұтыну көлемі күрт артты. 2026 жылдың II тоқсанында әрбір тұрғынға шаққанда 5,1 келіден астам құмшекер тиесілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Бірінші кредиттік бюроның мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға, ал биылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11%-ға артық.

Бұл – 2017 жылдың III тоқсанынан бергі кез келген тоқсандағы ең жоғары деңгей. Дегенмен, сарапшылар мұнда маусымдық фактордың да рөлі бар екенін атап өтеді , әдетте ең жоғары көрсеткіштер жылдың үшінші тоқсанында байқалады.

Егер тек екінші тоқсандарды салыстырсақ, биылғы нәтиже 2012 жылдан бергі рекордты көрсетіп отыр. Бұдан бөлек, құмшекерден бөлек рафинадталған қантты тұтыну көлемі де өскен.

Биылғы II тоқсанда жан басына шаққандағы рафинад тұтыну көлемі 97 грамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 23%-ға артық және 2022 жылдың наурызынан бергі ең жоғары мән болып табылады.

Осылайша, құмшекер мен рафинадты қоса алғандағы жалпы тұтыну көлемі шамамен 5,2 келіге жетіп, 2017 жылдан бергі ең жоғары шекке көтерілді.