Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі

0
69

Тиісті талап Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен бекітілді.


Қазақстанда ит пен мысықты чиптеу міндеттеледі

Фото: doctorvet.ru

ERNUR.KZ. Бұйрық 2026 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қолданыстағы үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес, олардың иелері жануарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құралдарды, соның ішінде қарғыбау, білезік, татуировка, электронды белгі немесе чип қолдана алады.

Жаңа талап бойынша иттер мен мысықтарды сәйкестендіру үшін чип пайдалану міндетті болады. Ал есепке алынуға жататын жануарлардың басқа түрлеріне сәйкестендіру тәсілін иесі бұрынғыдай өзі таңдай алады. Чиптің нөмірі бірыңғай дерекқорға енгізіледі.

Үй жануарларын есепке алу талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес айыппұл қарастырылған.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа талап халықтың қауіпсіздігін арттыруға, жануарлардың азаматтарға шабуыл жасау жағдайларын азайтуға, қараусыз және қаңғыбас жануарлардың санын тиімді бақылауға, сондай-ақ үй жануарлары иелерінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.