Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
Сурет: freepik
Енгізілген маңызды өзгерістер:
1. "Газ құю станциясы" ұғымы анықталды:
Бұл – технологиялық жағынан өзара байланысты объектілер кешені. Ол сұйытылған мұнай газын сақтау, құю (теміржол цистерналарына, автоцистерналарға, тұрмыстық баллондарға), сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеу және кәдеге жарату үшін арналған.
2. Егер газ құю пунктінде өз есепке алу жүйесі болмаса, олар уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалануы тиіс.
Ақпараттық жүйеге мәлімет енгізу:
- Жергілікті атқарушы органдар мен газ құю станциялары/пункттері арқылы жүзеге асады.
- Жеке кабинет арқылы тіркеліп, қол қойылған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі.
3. Баллондар сәйкестендірілуге тиіс:
- Бірегей кодпен немесе газ құю пункті иесінің тауарлық белгісімен.
- Кодта: станцияның атауы, иесінің БСН немесе ЖСН болуы керек.
Есепке алу кезінде тіркелетін негізгі деректер:
Алғаш тіркеу кезінде:
- Баллонның зауыттық нөмірі
- Сыйымдылығы
- Шығарылған күні
- Соңғы жөндеу немесе тексеру күні
- Жөндеуге/тексеруге жауапты адамның аты-жөні
Егер соңғы жөндеу/тексеру уақыты көрсетілмесе – баллон тексеріліп не жөнделіп, бұл туралы ақпарат жүйеге енгізіледі.
Сұйытылған газды сату кезінде енгізілетін деректер:
- Газ құйылған күн
- Баллон сатылған күн
- Сатып алушының ЖСН және тұрғылықты мекенжайы
Сатылған баллондар мен сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша есеп уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
Маңызды шектеу:
Бір мекенжайда тіркелген бір немесе бірнеше адамға бір айда 50 кг-нан артық сұйытылған газ сатылса, мұндай баллондар есепке алынбайды.
Есеп беру мерзімі:
Газ құю станциясы мен пункттері ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ЭЦҚ арқылы жергілікті атқарушы органға:
- Тұрмыстық баллондар айналымы
- Онда сатылған сұйытылған газ көлемі
туралы мәліметті ақпараттық жүйе арқылы тапсыруға міндетті.
Бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.