Қазақстанда экологиялық рұқсат беру ережесі өзгерді

0
200

Бұйрық 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстанда экологиялық рұқсат беру ережесі өзгерді

фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылғы 25 сәуірдегі бұйрықпен экологиялық рұқсаттарды беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларына, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарына өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz.

Ережеде II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген объектінің операторы қайта ұйымдастырылған немесе ауысқан жағдайларда жүзеге асырылатыны нақтыланады.

II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып, II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді.

Сондай-ақ түзетулермен әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңінде оператор жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін осындай рұқсатты белгіленген нысан бойынша берген мемлекеттік органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп беретіні көзделген.

Бұдан басқа, қағидаларда кешенді экологиялық рұқсат беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер жаңартылды:

  • көрсетілетін қызметті алушы кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің анық еместігін анықтау;
  • көрсетілетін қызметті алушы кешенді экологиялық рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмеуі;
  • көрсетілетін қызметті алушының Кодекстің 115-бабында көзделген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған кешенді экологиялық рұқсат шарттарымен келіспеуі;
  • "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

I және II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болып табылады:

  • өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болса;
  • өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтеу нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе;
  • "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

Бұйрық 2025 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.