Қазақстанда бірінші "Достастық жәрмеңкесі" өтеді

0
99

Ұйымның Мәскеудегі бөлімшесінде "Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы туралы ереженің жобасын келісуге арналған сарапшы тобының бірінші отырысы өтті.


Қазақстанда бірінші

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2026 жылы алғаш рет "Достастық жәрмеңкесін" өткізу жоспарланып отыр. Бұл шара жыл сайын өткізіледі, деп жазады sputnik.kz.
Ұйымның Мәскеудегі бөлімшесінде "Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы туралы ереженің жобасын келісуге арналған сарапшы тобының бірінші отырысы өтті. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы қазан айында ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде ұсынған болатын. Жәрмеңке жыл сайын Ұлы Жібек жолының бойымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қалаларында өткізіледі.
"Бірінші жәрмеңкені Қазақстанда 2026 жылы ежелгі Тараз қаласында өткізу жоспарланып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Жәрмеңке кезінде ТМД елдерінің ұлттық кәсіптері мен қолөнер бұйымдары таныстырылады. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері қойылады. Ал "Достастық жәрмеңкесіне" келетіндер мәдени-бұқаралық және білім беру шараларына қатысып, жергілікті салт-дәстүрлермен таныса алады.
"Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы бойынша сарапшы тобының келесі отырысы биыл қазан айында өтеді. Онда ереженің жобасын келісу жұмысы жалғасады.