Қазақстанда “банкті құтқару” тәртібі өзгеретін болды

0
162

Жүйелік маңызы бар банктер үшін шығындарды өтеудің ерекше тәртібі енгізіледі.


Қазақстанда “банкті құтқару” тәртібі өзгеретін болды

ERNUR.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі туралы баяндады, деп жазады baq.kz.

Агенттік басшысы атап өткендей, жаңа жүйе халықаралық тәжірибеге негізделген және Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания секілді елдерде қолданылатын стандарттарға сай келеді.

Бұл тәсіл банктердің төлем қабілетсіздігін реттеуге кешенді көзқарасты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, — деді Әбілқасымова.

Жаңа реттеу тетігі үш кезеңнен тұрады:

  1. Күшейтілген қадағалау,
  2. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру,
  3. Төлем қабілетсіз банкті реттеу.

Бұл кезеңдер нақты белгіленген триггерлер арқылы іске қосылып, реттеушінің уақытылы әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Банктер мен реттеуші енді қалпына келтіру және реттеу жоспарларын бірлесе әзірлейді. Бұл жоспарлар банк қиын жағдайға түскен кезде қолданылатын іс-шаралар тізбесін қамтиды және жыл сайын жаңартылып отырады.

Банк төлемге қабілетсіз деп танылған жағдайда, оны жаңа инвесторға сату, активтер мен міндеттемелерді бөлу немесе міндеттемелерді капиталға айырбастау шаралары қолданылады.

Жүйелік маңызы бар банктер үшін шығындарды өтеудің ерекше тәртібі енгізіледі.