Қазақстанда балаларды суға батудан қорғау үшін мектептерде жүзу сабақтары енгізіледі

0
109

2026 жылдан бастап жоба Алматы мен Астанада пилоттық режимде іске қосылып, кейін бүкіл ел бойынша енгізілмек.


Қазақстанда балаларды суға батудан қорғау үшін мектептерде жүзу сабақтары енгізіледі

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Қазақстан мектептерінде балаларды суға бату фактілері мен жазатайым оқиғалардан қорғау үшін жүзу сабақтары енгізілмек, деп жазады stan.kz.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин балаларды мектептерде жүзуге үйрету бастамасын Су спорты федерациясы қолдайтынын мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, 2024 жылы 236 мыңнан астам адам суға кетіп мерт болған. Олардың 82 мыңы – балалар. Сол себепті жүзуді денсаулықты нығайту және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу тәсілі ретінде қарастырып отыр.

2026 жылдан бастап жоба Алматы мен Астанада пилоттық режимде іске қосылып, кейін бүкіл ел бойынша енгізілмек.