​Қазақстанда Amazon спутниктік интернеті пайда болады

0
98

Үкімет отырысында министр баяндаған слайдта көрсетілгендей, Kuiper (Amazon) интернетін Қазақстанда 2027 жылы енгізу жоспарланып отыр.


​Қазақстанда Amazon спутниктік интернеті пайда болады

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Елдегі жоғары сапалы интернет желісін кеңейту жоспары туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді, деп жазады inform.kz.

Үкімет отырысында министр баяндаған слайдта көрсетілгендей, Kuiper (Amazon) интернетін Қазақстанда 2027 жылы енгізу жоспарланып отыр.

Аталған жаңашылдықты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен нақтылаған едік.
— Өткен жылы қыркүйекте министрлік Kuiper (Amazon) компаниясымен спутниктік байланыс қызметін ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Биыл дайындық жұмысы жүріп жатыр, — деген жауап алдық ведомстводан.