Қазақстанда 9 ЖЭО тәуекел аймағынан сарыға көшті

0
94

Биыл 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.


Қазақстанда 9 ЖЭО тәуекел аймағынан сарыға көшті

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға көшті, деп жазады tengrinews.kz.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, елімізде ауқымды жөндеу науқаны жүзеге асырылып жатыр. Биыл 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

"Бұл жұмыс нәтиже берді. ЖЭО-ның орташа тозуы ел бойынша 61%-ға дейін төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО қызыл тәуекел аймағынан сарыға, 3 ЖЭО сарыдан жасыл аймаққа көшті", - деді Ерлан Ақкенженов.