Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

0
107

Министрлік қадағалайтын салалар бойынша кадрларға қажеттілік шамамен - 40 мың адам.


Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс бағытындағы жаңа мамандықтар атласында 75 мамандық қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, министрлік қадағалайтын салалар бойынша кадрларға қажеттілік шамамен - 40 мың адам. Қазіргі таңда атласқа енгізілген 75 жаңа мамандық осы сұранысты қамтуға бағытталған.

Мысалы, металлургия және кен өндіру секторында – роботтандырылған кен техникасының операторы, өндіруші және металлургиялық өнеркәсіптің смарт-жүйелерін әзірлеуші; машина жасау саласында – виртуалды прототиптеу бойынша маман; құрылыс саласында – цифрлық жобалаушы, Big Data аналитигі, "Ақылды үй" жобалаушысы бар. Сонымен қатар, 40-тан астам мамандық бизнес-процестерді автоматтандыру барысында трансформациядан өтті, – деді Иран Шархан.

Биыл өңдеу өнеркәсібі саласындағы 190 инвестициялық жоба аясында машина жасау саласында тағы 8 жаңа мамандық пайда болады. Олардың қатарында – 3D-басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы және басқа да мамандықтар бар.

Осылайша қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жұмысшы мамандықтарының бейнесі өзгеріп, қол еңбегі біртіндеп автоматтандырылған жүйелермен алмастырылып жатыр.