Қазақстан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында тағы бір жүлде алды

0
157

Қазақстан құрамасынан 15 спорт түрінен 98 спортшы бақ сынайды.


Қазақстан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында тағы бір жүлде алды

ERNUR.KZ. Қазақстан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында тағы бір жүлде алды, деп жазады sputnik.kz.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында дзюдодан 2-жарыс күнінің жүлдегерлері анықталып жатыр.
"Отандасымыз Назгүл Маратова +78 кг дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол кіші финалда Ришель Анитадан (Камерун) бір бас жоғары болды", - деп жазылған хабарламада.
Назгүл Маратова күндіз ширек финалда Джаведи Сиварды (Тунис) ұтып, келесі айналымда Хилал Озтүрктен (Түркия) жеңілген.

Биылғы додаға әлемнің 57 елінен 3000-нан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасынан 15 спорт түрінен 98 спортшы бақ сынайды. VI Ислам ынтымақтастығы ойындары 7–21 қараша аралығында өтеді.