Қазақстан Түрікменстанның ірі газ кен орнын игеруге қатыспақ

0
124

Келіссөздер Тоқаевтың БҰҰ-ның дамушы елдер бойынша үшінші конференциясы аясында өтті.


Қазақстан Түрікменстанның ірі газ кен орнын игеруге қатыспақ

фото: Энергетика министрлігі

ERNUR.KZ. Қазақстан Түрікменстанның ең ірі "Галкыныш" газ кен орнын игеруге қатысуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан мен Түрікменстанның жұмыс кездесуінде сөз болды, деп жазады sputnik.kz.
Келіссөздер Тоқаевтың БҰҰ-ның дамушы елдер бойынша үшінші конференциясы аясында өтті.
Түрікмен тарапынан Түркіменстанның вице-премьері Батыр Аманов пен Түрікменстан президентінің мұнай-газ мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әшірғұлы Беглиев қатысты. Қазақстандық делегацияда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев болды.
"Кездесуге қатысушылар шетелдік инвестордың қатысуымен Түрікменстанның Галкыныш ірі газ кен орнын игеру жобасына Қазақстанның қатысу перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.
Тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің стратегиялық маңыздылығын талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.