Қазақстан мен Перу сотталғандарды жазасын өтеу үшін өз еліне беретін болады.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Перу арасындағы сотталғандарды беру және қылмыстық істер бойынша ынтымақтастық туралы шартты ратификациялауды мақұлдады, деп жазады tengrinews.kz.
Шартқа сәйкес, Қазақстан мен Перу сотталғандарды жазасын өтеу үшін өз еліне беретін болады. Сондай-ақ тараптар қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге (ақпарат алмасу және тергеулерге жәрдемдесу) келісті.
"Бұл келісім екі ел арасындағы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттырып, сотталғандарды өз елінде қоғамға қайта бейімдеуге ықпал етеді", – деді депутат Снежана Имашева.
Контекст
Қазақстан мен Перу бұл келісімді 2024 жылдың қазанында жасаған болатын. Бас прокуратура сол кезде заң бұзған кейбір қазақстандықтардың Латын Америкасы елдерінде жасырынуға тырысатынын хабарлаған еді.
Ұқсас келісім Бразилиямен де жасалған. Осындай құжаттарды Аргентина және Доминиканмен де жасасу жоспарланған.