​Қазақстан шекарасына жақын жерде 4,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

0
95

Жер сілкінісінің эпицентрі 42,63° солтүстік ендік пен 81,32° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.


​Қазақстан шекарасына жақын жерде 4,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. ҚР Ядролық физика орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі 42,63° солтүстік ендік пен 81,32° шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Магнитудасы – 4,0, энергетикалық класы – 9.
Еске сала кетейік, 23 қазан күні Алматылықтарға жер сілкінісі туралы ескерту хабарламасы түскен болатын.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС станциялар желісі 23 қазан күні, Астана уақытымен 12:20-да жер сілкінісін тіркеген. Эпицентр Қырғызстан аумағында орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісінің дүмпуі сезілмеген.