Қазақстан Президентінің резиденциясы оңалту орталығына айналады

0
141

Нысан аумағындағы 7 корпус балалардың жатып, ем-дом қабылдауы үшін қайта жарақталды.


Қазақстан Президентінің резиденциясы оңалту орталығына айналады

ERNUR.KZ. Қостанайдағы Президент резиденциясы мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығына айналдыру жұмысы аяқталып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Нысан аумағындағы 7 корпус балалардың жатып, ем-дом қабылдауы үшін қайта жарақталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 352 миллион теңге бөлінді. Ал оңалту құрал-жабдықтарын алуға "Қазақстан халқына" қоры бір миллиард теңге берді.

Орталық алдағы күзде ашылады деп жоспарланып отыр. Оңалту мекемесінде психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген 18 жасқа дейінгі балалар емделеді. 60 орындық орталық жылына 1200 адамды қабылдай алады.

"Бұл орталықтың бірегейлігі неде? Біріншіден, 20 гектарлық аумақ жасыл желекке оранған. Яғни бала ата-анасымен табиғат аясында демалып, күш-қуат жинайды. Екіншіден, қымбат, заманауи оңалту құрал-жабдықтары балалардың денсаулығын түзеуге игі септігін тигізеді деген ойдамыз", - деді облыстық Әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаева.