Қазақстан оқушылары Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапат алды

0
103

Биылғы олимпиадаға әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысты.


Қазақстан оқушылары Халықаралық философия олимпиадасында алғаш рет марапат алды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі Telegram

ERNUR.KZ. 14-17 мамыр аралығында Польша астанасы Варшавада 10-11 сынып оқушылары арасында Халықаралық философия олимпиадасы өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Биылғы білім бәйгесіне әлемнің 50-ден астам елінен 118 оқушы қатысып, өзара бақ сынады.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері құрмет грамоталарымен марапатталды. Атап айтқанда, Қарағанды қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Евгения Шатохина мен "Алматы-Медеу" Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сәкен Заңғар ел намысын абыроймен қорғады.

Айта кетейік, қазақстандық оқушылар аталған олимпиада тарихында алғаш рет марапатқа ие болып отыр. Бұл жас зияткерлердің философиялық ойлау мәдениеті мен білім деңгейінің жоғары екенін көрсетті.