Қазақстан әлемдік рейтингіде қаңтарда 50-орында болса, мамырда 56-орынға тұрақтаған.
фото: Sputnik / Абзал Калиев
ERNUR.KZ. Ookla мәліметінше, биыл мамырда әлемдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 113,16 Мбит/с болды. Жаһандық рейтингте бірінші орынды Біріккен Араб Әмірліктері иеленді, деп жазады sputnik.kz.
Интернет жылдамдығы бойынша БАӘ-ден кейін Катар, Кувейт, Бахрейн және Бразилия орналасқан.
Қазақстан мамыр айында мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингіде 101 елдің ішінде 56-орынға жайғасты. Елдегі мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 88,11 Мбит/с болды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 25,05 Мбит/с төмен.
Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы жыл басынан бері төмендеп келеді. Атап айтқанда, қаңтарда көрсеткіш 100,2 Мбит/с болса, сәуірде 89,16 Мбит/с, ал мамырда 88,11 Мбит/с құрады.
Сонымен қатар Қазақстан әлемдік рейтингтегі орнын жоғалтты. Қаңтарда 50-орында, ақпанда 49-орында, наурызда 51-орында, сәуірде 52-орында, ал мамырда 56-орында болды.
Көршілес елдердің де рейтингі төмендеген. Өзбекстан қаңтардағы 76-орыннан мамырда 77-орынға, ал Қырғызстан 77-орыннан 82-орынға түсті.
Жыл басынан бері Қазақстанның ірі қалаларында да мобильді интернет жылдамдығы азайған. Алматыда көрсеткіш қаңтарда 148,06 Мбит/с болса, сәуірде 120,67 Мбит/с, мамырда 115,55 Мбит/с дейін төмендеді. Қала мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте де төмендеді: қаңтарда 60-орында болса, сәуірде 77-орынға, мамырда 84-орынға түсті.
Ал Астанада мобильді интернеттің орташа жылдамдығы қаңтардағы 146,09 Мбит/с-тан сәуірде 120,24 Мбит/с-қа дейін төмендеді.


