Қазақстан Катарға халал және органикалық өнім экспортын арттырады

0
108

Катардан Қазақстанға құйылған тікелей инвестиция көлемі 18 есе өсіп, 8,9 млн доллардан 156,4 млн долларға жетті.


Қазақстан Катарға халал және органикалық өнім экспортын арттырады

© Sputnik / Максим Богодвид

ERNUR.KZ. Астанада Қазақстан мен Катар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық бірлескен комитеттің 7-отырысы өтті, деп жазады sputnik.kz.

Тараптар көлік, логистика, инвестиция және агроөнеркәсіптік кешен сияқты негізгі салалардағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

"Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейту мен Орта дәлізді дамытуға баса назар аударылды. Қазақстан катарлық серіктестерді көлік-логистика саласындағы жобаларға қатысуға шақырды", - деп жазылған хабарламада.

Инвестициялық ынтымақтастық жаңа деңгейге шықты: 2024 жылы Катардан Қазақстанға құйылған тікелей инвестиция көлемі 18 есе өсіп, 8,9 млн доллардан 156,4 млн долларға жетті.
Жиында агроөнеркәсіптік кешен саласы да назардан тыс қалмады. 2024 жылы Катарға 750 мың доллар сомасында ет өнімдері экспортталды. Алдағы уақытта халал және органикалық өнім жеткізу көлемін арттыру көзделіп отыр.