Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 18,1%-ға артты.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
ERNUR.KZ. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша алғашқы үштікке енді, деп жазады sputnik.kz.
ЕАЭО-да құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсті. Одақтың барлық елінде өсім байқалды.
"Ең жоғары көрсеткіш Қырғызстанда (45,3%) тіркелді. Ал Арменияда 27,7%, Қазақстанда 18,1%, Беларусь 9,6% және Ресейде 3,5%-ға өсті", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстан және ЕАЭО-ның басқа да елдеріндегі ең төменгі жалақыны салыстырып көрген еді.
Қазіргі кезде теңгеге шаққанда ең төменгі жалақы мөлшері бойынша Ресейде бірінші орында – 150 123 теңге (22 400 рубль). Одан кейінгі орынды Беларусь иеленді. Ол жақта ең төменгі жалақы 115 991 теңгені құрайды. Үшінші орынға тұрақтаған Арменияда 106 203 теңгенің минималды жалақысы белгіленген.
Қазақстанда 85 000 теңге, ал Қырғызстанда 17 662 теңгенің минималды жалақысы бекітілген.


