Біздің еліміз «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында ұсынылды.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Қазақстан жыл сайынғы беделді «Wanderlust Reader Travel Awards» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді, деп жазады inform.kz.
Біздің еліміз «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында ұсынылды.
Ұлыбританияның танымал «Wanderlust» туристік басылымы жыл сайын әлемдегі ең шабыттандыратын және тартымды туристік бағыттарды, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтерді анықтайды. Өткен жылы Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында үздік бестікке енді.
— Биылғы дауыс беру ашылды және ниет білдірушілер Қазақстанды перспективалық туристік бағыт ретінде қолдай алады. Әрбір дауыс маңызды және оған қатысу үшін мына осы сілтеме бойынша өту қажет. Бұл сайтқа кіру VPN арқылы қосылуды қажет етуі мүмкін екенін ескеру қажет, — делінген компания таратқан хабарламада.
Айта кетейік, дауыс беру 2025 жылдың 17 қазанына дейін жалғасады. Сыйлықтың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады және биылғы қараша айында Лондонда жарияланады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке тез арада елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын реттеп, олқылық жіберген жауаптыларды жазалауды тапсырған еді. Курорттық аймақтарды инспекциялау жұмысы нәтижесінде шаралар қабылданып, бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.