Қазақстан армиясында жаңа бөлім құрылды

0
110

Жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементіне айналады.


Қазақстан армиясында жаңа бөлім құрылды

фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу және дамытуға жауапты мамандандырылған бөлімше құрылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, жаңа құрылым Қарулы күштердің цифрлық трансформациясының негізгі элементіне айналады.

"Бөлімшенің негізгі міндеттері – ауқымды деректерді талдау үшін ЖИ-шешімдерді әзірлеу және енгізу, басқаруды автоматтандыру, операциялық сценарийлерді модельдеу және қазіргі әскери жағдайларда басқарушылық шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыру", – делінген хабарламада.

Бөлімше отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары, жетекші университеттер және салалық IT-компаниялармен ынтымақтаспақ. Бұл тек озық әзірлемелерді қорғаныс саласына енгізуге ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллектіні әскери қолданудың ұлттық мектебін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

"ЖИ енгізу жөніндегі бөлімше құру кадрлық әлеуетті дамытуға да бағытталған: заманауи алгоритмдер мен жүйелермен жұмыс істей алатын офицер-аналитиктер мен цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау жоспарланған", – деп қосты ведомство.