​Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды

0
88

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі қатысып отыр.


​Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды, деп жазады inform.kz.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр.

«Самұрық-Қазына» АҚ мәліметіне сәйкес, алдағы іс-шараның күн тәртібіне энергетикалық ынтымақтастықты дамыту және тұрақты «жасыл» өсімді ілгерілету, логистикалық және өндірістік тізбектерді кеңейту кіреді.