Оны түзетуге бола ма?
фото: zakon.kz.
ERNUR.KZ. Туу туралы куәлікте қате жіберілсе, не істеу керек? Оны түзетуге бола ма? Аталмыш сұрақтардың жауабы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметінің жариялаған мәліметінен белгілі болды, деп жазады zakon.kz.
Мәселен, 2025 жылғы 28 қарашада қазақстандық өзінің туу туралы куәлігінде әкесінің атында қате жіберілгенін мәлімдеді.
"Оны түзету үшін не істеу керек?"- деп сұрады ол.
Ең алдымен, мамандар түзету енгізу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) жақын жердегі бөлімшесіне жүгіну қажет екенін айтты.
"Сондай-ақ жеке куәлік, туу туралы куәліктің түпнұсқасы, әкесінің аты дұрыс жазылғанын растайтын құжат пен тіркеу алымының төленгені туралы түбіртек 0,5 АЕК (1966 теңге) қоса берілуі керек",- делінген ақпаратта.


