Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентіне жеделхат жолдады

0
676

Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентіне жеделхат жолдады

Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Швейцария президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланды Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күнімен құттықтады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл атаулы күн Швейцарияның бай тарихи мұрасын танытып, демократиялық тұғырының беріктігін және елдің бейтараптық қағидаттарға ұдайы бейіл екенін көрсетеді", – деп жазылған жеделхатта.


Президент Қазақстан Швейцариямен достыққа және өзара құрметке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты жоғары бағалайтынына тоқталды. Сондай-ақ, сауда, инвестиция, қаржы және білім салаларындағы ықпалдастықтың оң динамикасын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Швейцария халқына құт-береке тіледі.