Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

0
113

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.