Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жолдады

0
23


Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жолдады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

“ Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын “, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.