Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

0
153

Тоқаев әдетте туған күнін тойламайды, мұны отбасылық дәстүр деп түсіндіреді.


Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы өзінің туған күнін тойлауды ұнатпайды - оның бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли түсіндіргендей, Тоқаевтар отбасы бұл күнді тойламаған, деп жазады sputnik.kz.

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды.
2023 жылы мемлекет басшысы мерейтойын тойлаудан бас тартып, Қытайға сапармен барды.

"Бұл президенттің принципті ұстанымы", - деп хабарлады баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматыда жазушы Кемел Тоқаев пен Алматы шет тілдері педагогикалық институтының қызметкері Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келген.
Президенттің ерекше қос есімі бар. Ағасының құрметіне Қасым есімі берілсе, шешесі есімін Жомарт деп қойған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияны бітірген. Тоқаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында оқып, оны 1975 жылы тәмамдаған.
Қазақстан басшысы бес тіл біледі: қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдері. Тоқаев көркем әдебиетті, саяси әдебиеттерді, естеліктерді оқығанды ұнатады.
Тоқаев баспасөзге үнемі шолу жасайтын әдеті бар екенін де мойындады.

"Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, керекті жазбаларды түртіп аламын. Егер басылым өзекті мәселе көтерсе, нақты тапсырмалар беремін", - дейді ол.

Тоқаев – салауатты өмір салтын ұстанады. Ол 13 жыл бойы Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарған, әлі де жақсы формада және жас ойыншылармен бәсекеге түсе алады.
Тоқаев әдетте туған күнін тойламайды, мұны отбасылық дәстүр деп түсіндіреді.