Каспий теңізінде күшті жер сілкінісі болды

0
92

Эпицентрге ең жақын жерлер: Түрікменстан – 89 км, Әзербайжан – 120 км, Қазақстан – 132 км.


Каспий теңізінде күшті жер сілкінісі болды

Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 23 желтоқсан күні таңертең Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді, деп жазады zakon.kz.

Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығының оперативтік мәліметіне сәйкес, Астана уақытымен сағат 9:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі орын алған.

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік – 41,27°, шығыс бойлық – 53,04°. Магнитудасы mb = 5,3, энергетикалық класы K = 13,1. Жер сілкінісінің халыққа сезілуі туралы ақпарат жоқ.

VolcanoDiscovery.com сайтындағы мәліметке сәйкес, эпицентрге ең жақын жерлер: Түрікменстан – 89 км, Әзербайжан – 120 км, Қазақстан – 132 км.