Қаржы министрлігі қазынаға түскен салықтың көлемін жариялады

0
88

Қазіргі жоспар 113,7 проценкте орындалды.


Қаржы министрлігі қазынаға түскен салықтың көлемін жариялады

фото: Региональная служба коммуникаций Алматинской области

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті екі айда бюджетке түскен салықтардың көлемін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Биыл қаңтар-ақпанда республикалық бюджетке 2 979,0 млрд теңге түсті. Осылайша қазіргі жоспар 113,7 проценкте орындалды.
"Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд теңге немесе 129,4% болып отыр. Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд теңге), Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд теңге) құрады", - дейді салықшылар.
Осы орайда ақпараттық кеңістікте тараған сараптамалық пікірлерге де түсініктеме берді. Ондай тұжырымдар көбінесе қаңтар айындағы деректерге негізделген.
"Мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді. Нәтижесінде 1 наурызға ҚҚС бойынша жоспардың орындалуы 119,8%-ды құрайды немесе жоспар 1 281,0 млрд теңге, нақты түсім 1 534,5 млрд теңге", - деді мамандар.