Қарызын төлемеген қазақстандықтар енді қоғамдық орындарда автоматты түрде анықталады

0
111

Қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтар "Цифрлық бақылау" (цифровой надзор) жүйесі арқылы анықталады.


Қарызын төлемеген қазақстандықтар енді қоғамдық орындарда автоматты түрде анықталады

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда енді қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтар әуежай, вокзал, метро және ХҚКО-ларда автоматты түрде танылып, жауапкершілікке тартылады, деп жазады stan.kz.

Әділет министрлігінің мәліметінше, қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтар "Цифрлық бақылау" (цифровой надзор) жүйесі арқылы анықталады.

“Тек қала көшелері мен қоғамдық орындарда ғана емес, сондай-ақ әуежайларда, теміржол және метро нысандарында, әлеуметтік маңызы бар ғимараттарда да анықтау мүмкіндігін іске қостық. Сонымен қатар, борышкерлер халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде немесе әуе және теміржол билеттерін сатып алу барысында деректер базасы арқылы автоматты түрде бет-бейне сәйкестендіру арқылы анықталады”, – деді ведомство.

Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айынан іздеуде жүрген борышкерлер саны 4560 адамды құраған. Оның ішінде 2118 тұлғаның тұрғылықты мекенжайлары анықталып, жалпы анықтау көрсеткіші 39,3% болған.

“Бұған қоса, аталған жүйе арқылы борышкерлерге тиым салынған автокөліктерді іздестіру мүмкіндігін іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға тиым салынған көліктер полиция қызметкерлерінің қатысуымен тоқтатылып,арнайы бекітілген тұрақтарға жеткізіледі. Олар қалалық бейнебақылау камералары мен жасанды интеллект құралдарының көмегімен анықталады”, – делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, одан әрі заң талаптарына сәйкес сот актілерін толық әрі уақтылы орындалады.